Адамнан сұрағанның екі көзі шығады
Бірде Сүлеймен Пайғамбар жолда келе жатып, қажыған бір қартты кездестіреді. Қарт Сүлейменге: «Менің халімды көріп тұрсаң, маған жәрдем бер!» - деп өтінеді. Сүлеймен пайғамбар оған құнды бір тас беріп: «Осы ұрпағыңа жетеді», - дейді. Қария жолда тасты лақтырып, қағып алып, ермек қылып қуанып келе жатса, аспаннан бір құс аузына қағып алып кетеді. Шал өкініштен опық жеп қалады. Ертесі күні Сүлейменді тағы кездестіріп өтініп сұрайды. Ол қарияның қолын қайтармайды. Қария тасты қолына қысып ұстап келе жатса, алдынан үлкен өзен шығады. Өзеннен өтпек болған қарт суға батып кете жаздап, тал қармаймын...