Ақыл-таным құралы
Ақыл-таным құралы

       Иманның негізі (тасдиқ) мойындау, растау, (демек жүрегімен мойындаған адам өзімен Алла алдында-мұсылман), ал тілмен айту-шарты болып табылады. Шарт-ол шариғат үкімдерін орындау, және адамдармен мұсылмандық мәміле жүргізу үшін керек болады.

         Иман келтірумен танымды қалай жүзеге асыруы, орындауы керек? Ақыл өздігінен Аллаға иман келтірудің жақсы екенін біле ала ма? Я болмаса күпірліктің жаман екендігін? немесе нығметке шүкір ету керектігін?

Ақыл біле  ала ма? жоқ па?

          Бұл туралы Мүшаббиһалар, Хауариждер, Мулаһилар (мойындамайтындар) Рафидилар былай дейді: Иманның жақсылығын күпірдің жамандығын, нығметке шүкір ету, керектігін ақылмен емес тек шариғатпен білінеді, дейді. (Оның себептері кейін келеді)

Ал енді осы тақырыпқа Мұғтазилиялар айтады: Ақылмен Алланы танып иман келтіру уәжіп болады, нығметтің шүкіршілігін, күпірдің жаман екенін, жақсы нәрселердің жақсы екендігі ақылмен білінеді. Не нәрсені жақсы тапса ол пайдалы болмақ, сол себептен  ақыл үкім бере береді,-дейді.

Біздің имамдарымыз (Ханафилермен, Матуридилер) ақыл ол- таным құрал. Кейбір нәрселердің жақсылығы ақылмен танылады. Жаманның жаман екенін ажыратушы, және иманды табуыда, нығметке шүкір ету де, ақылмен болады дейді.

Осы арада мұғтазилиттермен матуридилердің ақыл туралы ой толғамы  қандай болмақ?

          Мұғтазилиттердің танымы бойынша ақыл өздігіннен үкім қылушы. Өйткені олар: пенде өз ісін жаратып алады,-деп тұжырым жасаған болатын. Ал біздің имамдарымыз  ақыл Алланы тану үшін бір-құрал болмақ. Үкім қылушы, бұйрық беруші, туралықты көрсетуші-Алла Тағала. Бірақ ақылдың септігімен танылады. Үкім етуші Алла, бірақ Расулдың септігімен танылғанындай, ақыл арқылы танылады.

 

 Әкмәлуддин Мұхаммед Әл-Бәбәрти әл-Ханафи - Шарху Уасыяти Әби Ханифа кітабынан.

Terekti Meshiti  -Terekti Meshiti -
6 лет назад 6605
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир