Дәуіт пайғамбар мен құрт
Дәуіт пайғамбар мен құрт

Дәуіт (а.с.) бір күні қолына Зәбүр кітабын алып, оқып отырса, жерде жыбырлап жатқан бір құртқа көзі түседі. Ішінен: «Апыр-ай, бұл бір құртты жаратудағы Хақ тағаланың мақсаты не болды екен?» - деген ой келеді. Сол кезде Алла тағаланың сөйлетуімен құрт оған:

«Әй, пайғамбар! Күн сайын күндізгі уақытта мың рет «субханаллаһи уәл-хамду лиллаһи уә лә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар (Алланы пәктеймін, мақтау айтамын, Одан басқа тәңір жоқ, Алла ең ұлы) деуді Алла маған міндеттеді. Ал түнде тағы да мың рет «Аллаһумма салли ала сәйидинә Мұхаммадин нәбиил-умиил уә алә әлиһи уә сахбиһи уә сәллим» (Аллаһ тағалам, оқу-жазу білмейтін пайғамбарың Мұхаммедке, соның ұрпақтарына, сахабаларына рақымыңды төк, саламаттық бер)» деуімді міндеттеді. Ал өзің зікірді қайтіп айтасың, білдірші, мен де тыңдайын?» - деп жауап қатады. Бұны естігенде, Дәуіт (а.с.) құртты төменсітіп қарағанына өкініп, Аллаға тәубе етті.

Расында да Алла Тағала адам баласына «Хаж» сүресі 17 аятында:  «Есіңде болсын, жеті қат көктегілер, (періштелер), жер бетіндегілер (адам, жын, бар мақұлық күн, ай, жұлдыз, тау, терек, хайуанат барлығы және адамдардың көпшілігі Тәңіріне бас иеді, ал біраз адам (күпірлік жасап) қаһарға ұшырайды. Құдай қырына алған адамға құрмет көрсетуші жан болмайды. Тегінде, Алла өз қалағанын жүзеге асырады. Жер мен аспандағы барлық нәрсе Аллаға сәжде етеді. Адамдардың көбі мұны білмейді,» – деп әмір етеді. Сол себептіде әрбір жаратылыс босқа жаратылмай, Алланы еске алатындығында ұмытпаған жөн. 

Terekti Meshiti  -Terekti Meshiti -
7 лет назад 10706
0 комментариев
О блоге